«Болонья» - Италия кубогының жеңімпазы

«Болонья» - Италия кубогының жеңімпазы

Бүгін, 14 мамырдан 15 мамырға қараған түні Италия кубогының финалы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан уақыты бойынша түнгі сағат 00:00-де басталған финалдық матчта «Милан» мен «Болонья» күш сынасты. Негізгі уақытта аяқталған матч тағдырын «Болонья» шабуылшысы Дэн Ндойе соққан жалғыз гол шешіп кетті.

Осылайша швейцариялық шабуылшы 54-ші минутта соққан гол «Болоньяға» 51 жыл күткен кубокты сыйлады.

Бұл кубок «Болонья» клубы үшін үшінші кубок болды. Қызыл-көктер 1970 және 1974 жылдары аталған турнирде жеңіске топ жарған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или