Игорь Зенькович: «Қазақстанда маған бәрі ұнайды»

Игорь Зенькович: «Қазақстанда маған бәрі ұнайды»

Қазақстан азаматтығы бар белорусьтік шабуылшы Игорь Зенькович pressball.by сайтына берген сұхбатында қостанайлық «Тобылдан» неліктен кеткенін айтып берді.

- Қостанайда жарты жыл ойнадым. Сосын клубпен келісімшарт аяқталды. Қазір жаңа команда іздестірудемін. Қазақстанда маған бәрі ұнайды. Мұнда қалатын шығармын деген ойдамын.

- Белорусьтік ойыншылар Павлов пен Матвеенко да Қазақстаннан кеткен болатын...

- Жаңа маусымнан бастап легионерлер мәселесі шешілді. Енді алаңда бес легионер емес, алты легионер ойнай алады. Сондай-ақ, 21 жасқа дейін ойыншының алаңда болуы міндетті емес. Осындай міне регламентте өзгерістер енгізілді. Соған қарамастан, бұл белорусьтік ойыншыларға Қазақстанда жұмыс табылады деген сөз емес.

- Биылғы маусымда аз гол соғыпсыз, неліктен деп ойлайсыз?

- Бұған өз себептері бар. Түркия елінде бақ сынағым келген. Маусым басында Түркияның Екінші лигасындағы «Элазыгспор» командасында өнер көрсеттім. Бірақ онда жолым болмады. Жазда Қазақстанға қайтып келдім. «Тобылға» маусым ортасында қосылғандықтан командаға үйрену үшін біраз уақыт кетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или