Александр Бородюк: «Мақсат бір - әрбір ойында жеңіске жету»

Александр Бородюк: «Мақсат бір - әрбір ойында жеңіске жету»

«Қайраттың» жаңа бас бапкері Александр Бородюк клубтың ресми сайтына сұхбат берді.

- «Қайрат» - бұл бренд. КСРО кезінде «Қайрат» өте танымал ұжым болатын, өзімде алматылық командаға қарсы ойнағанмын. «Қайрат» тек Ресейде емес, сонымен қатар Еуропада да белгілі клуб. Қазіргі таңда, «Қайратта» барлық жағдай жасалған, маған үміт артқаны үшін клуб басшылығына өз алғысымды айтамын.

- Қазақстандағы мақсатыңыз қандай?

- Мақсат бір - барлық кездесулер мен турнирлерде жеңіске жету.

- «Қайраттағы» жұмысыңызды ең алдымен неден бастайсыз?

- Ең алдымен, футболшылармен танысуым қажет. Мен ойыншыларға үнемі сыйластықпен қараймын, сондай-ақ Владимир Вайсстың «Қайратта» жасаған қызметін қатты құрметтеймін.

- Командаға қандай жаңа ойыншылар келуі мүмкін?

- Иә, біз команданы күшейтеміз, трансферлер мәселесін клуб басшылығымен бірге шешеміз.

- «Қайраттың» инфрақұрылымына қандай баға бересіз?

- Қысқа мерзімде өте көп жұмыстар атқарылды. Мен Еуропада ойнағанмын, бірақ мұндай деңгейдегі Академияларды көрген жоқпын. Ресейде тек санаулы командалар ғана «Қайраттың» инфрақұрылымымен теңесе алады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или