«Челси» — «Юргорден»: «Ақсүйектер» қарымта ойында да ірі есеппен жеңіске жете ме?

8 мамырдан 9 мамырға қараған түні 2024/25 жылғы Конференция лигасының жартылай финалы аясында «Челси» — «Юргорден» матчы өтеді. Өзін жеңіл салмақты боксшылар арасына түсіп қалған крейсердей сезініп жүрген ағылшындық клуб финалға бір табан жақын. Қарымта ойын қалай өтеді?
Tennisi.kz букмекерлік компаниясы дәл қазір пайдаланушыларға негізгі шотқа 4000 теңге береді. Оны алу үшін Tennisi.kz сайтында немесе қосымшасында тіркеліп, тіркеу кезінде dop24 промокодын енгізіп, шотты 3 000 теңгеден басталатын сомаға толтырыңыз.
Бірінші матч
Осыдан тура бір апта бұрын Стокгольмде өткен алғашқы ойында «Челси» 4:1 есебімен еш қиындықсыз жеңіске жеткен. Ол ойында Санчо, Дадуеке және Джексон (дубль) гол соғып, қонақтар 4:0 есебімен алға шыққанда финал тағдыры шешілгендей болған. Бірақ алаң иелері доп айырмасын сәл де болса қысқарта алды. Бірақ одан әріге шамасы жетпеді.
«Челси»
Лондондық клуб Конференция лигасының негізгі кезеңінде жеңіске жетіп, тікелей 1/8 финалға өтті. Алғашқы плей-офф кезеңінде Энцо Маресканың шәкірттері «Копенгагенді» жарыс жолынан шығарды. Екі кездесуде «Челси» 1:0 және 2:1 есебімен жеңіп, турнирдің ширек финалына көп қиындықсыз шықты. «Ақсүйектер» Конференция лигасындағы тоғыз матчқа жалғасқан жеңісті сериясы ширек финалдың қарымта ойынында үзілді. «Легияны» сырт алаңда 3:0 есебімен жеңгенімен, Лондонда 1:2 есебімен есе жіберді.
Айта кетейік, англиялық клуб чемпионаттың жалпы кезеңінде қазақстандық «Астанамен» кездесті. Алматыда өткен матчта қонақтар 3:0 есебімен жеңіске жетті.
«Челси» кейінгі бес ойынның біреуінде ғана жеңілді. Ол Конференция лигасы аясындағы «Легияға» қарсы қарымта матч болатын. Ал қалған 4 кездесудің бәрінде жеңіске жетті. Оның арасында бүгінгі қарсыласы «Юргорден» да бар.
«Юргорден»
«Юргорден» Конференция лигасының жартылай финалына жету үшін ұзақ жолдан өтті. Қазір Швеция чемпионатының алғашқы ондығына да енбеген қарапайым клуб турнирдегі өнерін екінші іріктеу кезеңінен бастады, одан кейін үшінші іріктеу кезеңі мен іріктеудің плей-офф кезеңінен өтті. Жалпы кезеңде 5-орын алып, 1/8 финалға тікелей өтті.
1/8 финалда Кипр клубы «Пафосты» екі ойын қорытындысында 3:1 есебімен жарыс жолынан шығарды. Ал ширек финалда Аустрияның «Рапидін» екі ойын нәтижесінде 4:2 есебімен жеңді.
«Юргорден» кейінгі он матчтың үшеуінде ғана жеңіске жетіп, екеуінде тең ойнады, қалған бес матчта жеңіліске ұшырады.
Матч Қазақстан уақытымен 00:00-де басталады.
Tennisi.kz букмекерлік кеңсесі бұл кездесуге мынадай коэффициенттер ұсынып отыр: «Челисдің» жеңісі – 1.15, тең ойын – 8.20, «Юргорденнің» жеңісі – 18.00. Сондай-ақ екі ойынның қорытындысы бойынша «Юргорден» финалға шығады деген бәске 100 коэффициент беріліп отыр.
Матчтарға ең қызық бәстерді Tennisi.kz сайтынан немесе мобильді қосымшасынан таба аласыздар.