Жолшиев күшін Еуропада сынап көрмек

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Жолшиев елордалық «Астанадан» кетуі мүмкін.

25 жастағы футболшыға Польша, Ресей және Түркия клубтары қызығуда. Былтыр польшалық «Лехия» қазақстандықты байқауға шақырған, алайда Жолшиев бұл ұсынысты қабыл алмады. Осы маусым аралық үзілісте 25 жастағы хавбек еуропалық клубқа ауысуды мақсат қылып отыр. Қазір бұл мәселе жөнінде бірнеше агенттер жұмыс жасауда.

Өткен маусымда Бауыржан Жолшиев «Астананың» Чемпиондар лигасында табысты өнер көрсетуіне өз үлесін тигізді. Қазақстан чемпионатында ол 25 матч өткізіп, 3 гол соққан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или