Ресми: Александр Бородюк «Қайраттың» бас бапкері атанды

Ресми: Александр Бородюк «Қайраттың» бас бапкері атанды

«Қайрат» ФК ресейлік атақты бапкермен үшжылдық келісім-шартқа отырды.

Бұл туралы алматылық клубтың баспасөз-қызметі мәлім етті. Александр Бородюк мансабын футболшы ретінде туған қаласы Воронеждің «Факелінде» бастаған.

«Шальке-04» құрамында Александр Бородюк 120 матчта 41 гол соғып, үздік шабуылшылардың бірі атанады. Футболдан КСРО құрамасының құрамында Бородюк Олимпиада чемпионы атанды.

Бапкер ретінде мансабын Александр Генрихович 2001 жылы «Крылья Советов» командасында бастаған. 2002 жылы Бородюк Ресей құрамасы жаттықтырушыларының бірі атанды, ал 3 жыл өткеннен кейін Ресей жастар құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды, дегенмен аға жаттықтырушы ретінде бас құрамадағы жұмысын тоқтатқан жоқ.

2013 жылы ресейлік маман мәскеулік «Торпедоның» бас бапкері атанып, команданы Ресей Премьер-лигасына шығарды.

«Қайрат» командасы мен Александр Бородюк арасындағы еңбек келісімі 3 жылға бекітілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или