«Барселона» президентінің кеңесшісі «Реал Мадридтің» төрешілерге жасаған қысымын сынға алды

«Барселона» президентінің кеңесшісі Эль-Класико алдында «Реалдың» төрешілерге жасаған қысымын сынға алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Финал өтпей қалуы мүмкін деген ой тіпті басыма да келген жоқ. Біреу спорттық емес әдістерге жүгінсе, бұл әлсіздіктің белгісі болуы мүмкін.
«Барса» алаңға тек жеңіс үшін шықты. Бірақ бұл финалда футболдан басқа барлық нәрсе маңызды сияқты көрінді», – деді «Барселона» президенті Жоан Лапортаның кеңесшісі Энрик Масип Radioestadio Noche эфирінде.
Еске салайық, «Реал Мадрид» Испания Корольдік футбол федерациясынан (RFEF) төреші Рикардо Де Бургоса Бенгоэчеаны 26 сәуірде өткен «Реал Мадрид» мен «Барселона» арасындағы Испания кубогы матчынан шеттетуін сұраған болатын.
Cope ақпараты бойынша, «корольдік клуб» Бенгоэчеаның ойын алдындағы баспасөз-мәслихатындағы мінез-құлқына таңғалған. Арбитр мадридтік команданың клубтың телеарнасынан өзіне бағытталған сыннан кейін, көз жасына ерік берген. Бұған дейін «Реал» телеарнасы төрешінің қателіктерінен видео жасап, оның қазылығымен каталониялық команда «Корольдік клубтан» жиі жеңіске жететінін атап өткен болатын.
Испания клубы Бенгоэчеан Испания кубогының финалында қызмет етуге дайын емес деп санайтынын айтқан.