«Интер» кейінгі 13 жылдағы клубтық антирекордты орнатты

«Интер» кейінгі 13 жылдағы клубтық антирекордты орнатты

27 сәуірде «Интер» Италия чемпионатының 34-турында «Ромадан» 0:1 есебімен жеңіліп қалды. Бұл жеңіліс «нерадзурри» үшін барлық турнирлердегі қатарынан үшінші жеңіліс болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұған дейін Симоне Индзаги шәкірттері Италия кубогында «Миланнан» (0:3) және А сериясында «Болоньядан» (0:1) ұтылды.

Opta мәліметінше, «Интер» 2012 жылдың ақпан айынан бері бірінші рет бірде-бір гол соқпай қатарынан үш матчта жеңілді.

Сонымен қатар, «Интердің» жеңіссіз сериясы қазір төрт матчты құрайды.

34 турдан кейін «Наполи» «Интерден» үш ұпай алға озып, А сериясының бірінші сатысында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или