«Реал» Тибо Куртуамен келісімшарт мерзімін ұзартады
«Реал» бельгиялық қақпашысы Тибо Куртуамен келісімшарт мерзімін 2028 жылға дейін ұзартады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы белгілі испаниялық Relevo интернет-басылымы хабарлады.
Дереккөздің хабарлауынша, Куртуа клуб үшін қақпашы позициясындағы ең жақсы нұсқа екеніне сенімді.
Тибо 32 жаста және 2018 жылдан бері «Реалда» ойнайды. Осы маусымда тәжірибелі қақпашы барлық турнирлерде 43 матч өткізіп, 48 гол жіберіп алды. Бельгиялық 14 рет қақпасын таза ұстаған. Куртуаның мадридтік клубпен қазіргі келісімшарты 2026 жылдың жазына дейін.
Беделді Transfermarkt интернет-порталы бельгиялық қақпашының құнын 25 миллион еуроға бағалайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или