Мбаппе «Реал» сапында жаңа рекорд орнатты
Мадридтік «Реал» шабуылшысы Килиан Мбаппе Испания кубогы финалында «Барселонаға» қарсы гол соқты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Мбаппе осы маусымда «Реал» сапында барлық турнирде 34 гол соқты.
Франциялық дебюттік маусымында «Реал Мадрид» сапында соққан голдар бойынша жаңа рекорд орнатты.
Бұған дейін Руд ван Нистелрой (2006/07) мен Криштиану Роналду (2009/10) мадридтік клубтағы алғашқы маусымында 33 гол соққан болатын.
«Реал» тарихында клуб сапындағы дебюттік маусымында бір ғана ойыншы көбірек гол соққан - Иван Саморано 1992/93 жылғы маусымында 37 рет гол соқты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или