Мектеп оқушылары арасындағы жарыста жаппай төбелес орын алды. Видео

Талдықорғанда мектеп оқушылары арасында өткен футзал турнирінде Алматы мен Қарағанды командаларының ойыншылары жаппай төбелес шығарды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Оқиға орнында болған көрермендер төбелес сәтін бейнежазбаға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялаған. Видеодан турнир қатысушылары арасында қақтығыс болып, арты жаппай төбелеске ұласқанын байқауға болады.
Қазіргі уақытта жанжалдың неден туындағаны және зардап шеккендер бар-жоғы туралы нақты ақпарат жоқ.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или