Анна Данилина Мадрид турнирінде сүрінді

Анна Данилина Мадрид турнирінде сүрінді

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 17-ракеткасы Анна Данилина Мадрид (Испания) WTA 1000 турнирінің ширек финалына шыға алмады.

Доданың 6-ракеткалары А.Данилина – ресейлік Ирина Хромачева екінші айналымда чехиялық Линда Носкова – даниялық Клара Таусонмен шеберлік байқасты.

Матчты қазақстандық-ресейлік жұп сәтті бастады – 6:3. Алайда екінші партияда чехиялық-даниялық дуэт есе қайтарды – 6:4.

Супер тай-брейкте Носкова – Таусон сәтті ойнады – 10:7.

Сағат жарымнан астам уақытқа созылған бәсеке барысында Данилина – Хромачева 3 эйспен бірге 15 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Л.Носкова – К.Таусон 3 эйс, 4 брейкпен (12 брейк-пойнт) көзге түсті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или