Сенсация жасаған Бубликтің Мадридтегі келесі қарсыласы анықталды

Мадридте (Испания) өтіп жатқан турнирдің 1/8 финалында қазақстандық теннисші Александр Бубликтің (АТР рейтингінде 75-орын) кіммен кездесетіні белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Турнирдің бұл кезеңінде Бублик америкалық теннисші Бен Шелтонды (13-орын) екі сетте сенімді түрде жеңген чех Якуб Меншикке (23-орын) қарсы ойнайды.
Александр Бублик ресейлік Андрей Рублевті (8-орын) 6:4, 0:6, 6:4 есебімен тізе бүктіріп, үлкен сенсация жасады. Бұған дейін Бублик америкалық теннисші Алекс Микельсенді (38-орын) – 7:6, 7:6 – және Австралия өкілі Алексей Попыринді (26-орын) – 6:4, 7:6 есебімен ұтты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или