Елена Рыбакина Испаниядағы жарысты аяқтады

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 11-орын) Мадридте (Испания) өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің үшінші айналымында украиналық Элина Свитолинамен (17-орын) кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Рыбакина бұл кездесуде фаворит саналғанымен екі сетте 3:6, 4:6 есебімен жеңіліп қалды.
Кездесу 1 сағат 26 минутқа созылды.
Айта кетейік, биыл Мадридтегі турнирдің жүлде қоры 7 854 000 еуро. Жекелей сындағы жеңімпаз 985 030 еуро жинап, 1 000 рейтингтік ұпайға ие болады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или