Қазақстандық теннисші Испаниядағы турнирде жеңіліп қалды

Қазақстандық теннисші Испаниядағы турнирде жеңіліп қалды

Қазақстандық теннисші Анна Данилина ресейлік Ирина Хромачевамен бірге Мадридте (Испания) өткен турнирдің жұптық сынында өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

1/8 финалда Данилина мен Хромачева чехиялық Линда Носкова және даттық Клара Таусонмен кездесіп, күтпеген жерден олардан үш сетте 6:3, 4:6, 7:10 есебімен ұтылып қалды.

Мадридтегі турнирдің жүлде қоры 7 854 000 еуро. Жұптық сындағы жеңімпаздардык әрқайсысы 400 560 еуродан алады, сонымен қатар 1000 рейтингтік ұпайға ие болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или