Анна Данилина Мадридтегі жарысты сәтті бастады

Қазақстандық теннисші Анна Данилина ресейлік Ирина Хромачевамен дуэтте Мадридте (Испания) WTA 1000 сериясы турнирін жұптық сайыста сәтті бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бірінші айналымда Данилина мен Хромачева Кристина Буча (Испания) / Шуко Аояма (Жапония) жұбымен кездесіп, қарсыластарын үш сетте – 5:7, 7:5, 12:10 есебімен ұтты. Матч тура екі сағатқа созылды. Осылайша қазақстандық және оның серіктесі Линда Носкова (Чехия) / Клара Тауссон (Дания) дуэтіне қарсы ойнайтын 1/8 финалға өтті.
Айта кетейік, Анна Данилина әйелдер арасындағы жұптық сайыста Қазақстанның бірінші нөмірлі теннисшісі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или