Елена Рыбакина Испаниядағы беделді турнирді сәтті бастады

Елена Рыбакина WTA 1000 санатындағы Mutua Madrid Open турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Рыбакина екі сетте Канада теннисшісі Бианка Андреескуден (6:2, 6:3) есебімен басым түсті.
Кездесу 1 сағат 17 минутқа созылды.
Мадридтегі турнирдің үшінші айналымында Рыбакина украиналық Элина Свитолинамен (WTA рейтингінде №17) кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или