Қазақстандық теннисші Мадридтегі турнирден ұшып кетті

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Мадридтегі WTA 1000 сериясындағы турнирде жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Екінші айналымда Путинцева швейцариялық Ребека Машаровамен кездесіп, 3:6, 3:6 есебімен жеңіліп қалды.
Матч 1 сағат 8 минутқа созылды.
Айта кетейік, Қазақстанның теннисші бұл кездесуде фаворит саналған. Алайда Путинцева турнирдегі өнерін ерте аяқтады.
Турнирдің жүлде қоры 7 854 000 еуроны құрайды. Жекелей сын жеңімпазы 985 030 еуро және 1000 рейтингтік ұпай алады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или