Sovsport: «Александр Бородюк «Қайраттың» тізгінін ұстайды»

Ресейлік маман Александр Бородюк дүйсенбіде ресми түрде алматылық «Қайраттың» тізгінін ұстауға жақын.

Бұл туралы Sovsport.ru басылымы мәлімдеді. Бородюк «Торпедоны» Премьер-лигаға шығарған соң, бір маусымды жіберген. «Қайрат» бірнеше кандидаттың ішінде осы ресейлік бапкерді таңдап алды. Былтыр алматылықтар ел чемпионатында екінші орын алып, Кубоктың иегері атанды. Осы маусымнан соң «Қайрат» пен словакиялық маман Владимир Вайсс арасындағы келісім-шарт аяқталған болатын.

Бородюк «Қайратты» баптауы мүмкін туралы ақпаратқа қатысты пікірін айтқан жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или