Ойрат Сәдуов: «Жиынның басты міндеті - ойыншылардың дене даярлығын анықтау»

1998 жылғы футболшылардан құралған Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Санкт-Петербургке жол тартты. 24 желтоқсан мен 3 қаңтар аралығында оқу-жаттығу жиынын өткізіп, ФИФА-ның бірінші вице-президенті Валентин Гранаткин атындағы халықыралық турнирге қатысады.

Оқу-жаттығу жиыны мен турнирдің маңыздылығы жөнінде жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы Ойрат Сәдуов Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне әңгімелеп берді.

- Манежге бой үйрету үшін Санкт-Петербургке ертерек баруды ұйғардық. Талғарда өткен соңғы оқу-жаттығу жиынында үй тапсырмалары берілді. Жиынның басты міндеті - ойыншылардың дене даярлығын анықтау және оны жақсарту. Санкт-Петербургте екі жолдастық матч өткізуді жоспарлап отырмыз. 3 қаңтар күні турнирге қатысамыз.

- Команда алдында қандай тапсырмалар қойылады?

- Гранаткин турнирінде топтық кезеңнен шығып, финалдық кезеңге жолдама алу тапсырмасын алға қойдық.

- Қазақстан құрамасы Ресей және Финляндиямен бір топқа түсті. Бұл құрамалармен іріктеу турнирінде де ойнаймыз. Бұл ресми ойындарға дайындықты жақсартуға көмектесе ме?

-Санкт-Петербургтегі ойындардан кейін қарсыластың күші мен ойын үлгісін білетін боалмыз. Жауапты ойындарға жақсы дайындалғанымыз жөн. Футболшылар қарсыластарымыздың күшін көруге мүмкіндік алады.

- 1998 жылғы футболшылардан құралған Қазақстан жасөспірімдер құрамасы өткен маусымға қарағанда жақсы нәтиже көрсете ала ма?

- Өткен жылы 1997 жылғы футболшылармен көп жұмыс істемедім. Бұл құраманы қараша айында жинадық. Өзгерістер болады. Жақсы нәтижеге жететін құрама болады деп сенемін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или