Азамат Айтқожин: «Аймақтарды аралау - қазақ футболын дамыту жолдарының бірі»

Күні кеше Қазақстан футбол федерациясының президенті Ерлан Қожағапанов бастаған жұмыс тобы Атырау мен Батыс Қазақстан облысын аралады. Ісссапарлардың қандай нәтиже беретіні жөнінде ҚФФ бас хатшысы Азамат Айтқожин айтып берді.

- Қазақ футболын дамыту жолдарының бірі - аймақтарды аралау. Қазақстанның көп өңірінде болған Ерлан Қожағапанов жергілікті мәселелермен жеке танысты. Футболды дамыту жолдарын жанкүйерлермен, жаттықтырушылармен, әкімдермен бөлісті. Олар сұрақтарын қойып, қордаланған мәселелерін айтты. Осылай екі жақты байланыс орнады. Футбол жанашырларымен кездесуде қазақстандық футболды дамыту бағыттары таратылады. 2016-2022 жылдары Қазақстанда футболды дамыту бағдарламасының қорытындысы нұсқасы халықтық болады деп есептеймін. Еліміздің барлық аймағының ұсыныстары қабылданып, мәселелері ескеріледі.

- Жұмыс сапарларының алғашқы қорытындысы қандай?

- Ең басты нәтиже - жанкүйерлердің, клуб жетекшілерінің, облыстық спорт басқармасының, әкімдіктің Қазақстан футбол федерациясының президентімен танысуы. Футбол ол үшін тек жұмыс емес екенін түсінді. Ол біздің футболды дамыту үшін бар күш жігерін салуда. Ең бастысы - нақты бағыт айқын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или