«Қайрат» — «Атырау» матчының трансляциясы

«Қайрат» — «Атырау» матчының трансляциясы


Бүгін, 16 сәуірде, Алматыда Қазақстан Премьер-лигасының төртінші турынан кейінге шегерілген ойын өтеді. «Қайрат» пен «Атырау» алаңда шеберлік байқасады. Кездесу 19:00-де Орталық стадионда басталады.

Қазір алматылық команда 10 ұпаймен турнир кестесінде бірінші орында тұр. Маусымды сәтті бастаған Кирилл Кекердің шәкірттері бұл ойында жеңіске жетсе, көшбасшылықты нығайта түседі.

Ал «Атырау» үш ұпаймен оныншы орында келе жатыр. Қонақтар үшін бұл ойын — сенімді ақтаудың бір мүмкіндігі. Олардың басты мақсаты — өз ойынын тауып, қоржынға ұпай салу.

Матчты Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде тамашалауға болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или