ГЛАВНАЯ
Фехтование
Қазақстандық шпагашылар жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатындағы өнерін аяқтады
Қазақстандық шпагашылар жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатындағы өнерін аяқтады

Қытайдың Уси қаласында семсерлесуден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты аясында шпагашылар жарысы аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстан жасөспірімдер құрамасындағы ең үздік нәтиже Кирилл Проходовқа тиесілі — ол 34-орынға ие болды.
Георгий Тинников 47-орыннан көрінсе, Богдан Лукин 89-орынды иеленді. Ал Ғабиден Мұстафин 100-орынға тұрақтады.
Командалық жарыста Қазақстан 17-орынды еншіледі. Ел намысын Нұржан Әбжанов, Георгий Тинников, Богдан Лукин және Кирилл Проходов қорғады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или