Легионерлердің жалақысына тұсау қойыла ма

Соңғы кездері қазақстандық футбол клубтарының төңірегінде қаржылық жанжалдар көбейіп кетті. Талдықорғандық «Жетісу», қарағандылық «Шахтер»... Енді бұл тізімге «Ақтөбе» де еніп отыр. Жақында жиындардың бірінде облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ақтөбелік клуб легионерлерінің жалақысын жариялап, команданың қарызы жарты миллиард теңгеге жеткенін мәлім етті.

Даудың басы – легионерлердің жалақысы. Негізі, жанкүйерлер қазақстандық футболшылардың қанша жалақы алатынын құпия сақтайтынына үйреніп қалған. Тек әр түрлі сыбыстар, өсек-аяңдар ғана жүретін. Бірақ өткен айда Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жергілікті футбол командасының легионерлерін сатылымға қойды, себеп біреу ғана – жалақы мөлшері өте көп. Кейін әкімнің өзі нақты сандарды айтып берді: Андерсон Сантана – айына 61 000 доллар, Маркос Пизелли – 75 000 доллар, Данило Неко – 67 000 евро, Оливьера Данило – 57 000 евро! Сонда жылдық мөлшермен алатын болсақ, «Ақтөбе» ФК Пизеллиге әр маусым сайын 900 мың доллар берген. Данило Неконың да жылдық жалақысы осыған жақын. Сантана жылына 732 000, Оливьера Данило 745 000 доллар алып отырған. Әрине, еуропалық жұлдыздардың жалақысын салыстыруға келмейді. Бірақ дәл осындай жалақы топ-чемпионаттардың ортаңқал клубтарымен бірдей.

Салыстырмалы түрде алайық, италиялық «Веронаның» жұлдызды шабуылшысы Лука Тони жылына 500 мың доллар алады. «Фиорентина» қорғаушысы Давиде Асторидің жылдық табысы – 400 мың доллар ғана. «Удинезе» намысын қорғайтын қазақстандық Александр Меркель 450 мың доллар жалақы алады.

«Ақтөбе» легионерлерінің жалақысы осындай. «Қайрат» немесе «Астанадағы» шетелдік футболшылардың айлығы содан төмен дегенге сену қиын. «Қайрат» футбол клубы Бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев ҚПЛ футболшыларының жалақылары туралы былай деген:

«Бұл бөлек және өте қиын тақырып. Өкінішке қарай, еңбек нарығында өз сөзімізді жүргізе алмаймыз. Мен жауап беруге тырысамын, бірақ бұл жәй ғана менің субъекті пікірім ретінде қабылдаңыз, себебі бұл сұрақ мұқият зерттеуді қажет етеді. Қазақстандағы футболшылардың жалақысы аса шарықтап кеткен және кейбір еуропалық не ресейлік клубтардың деңгейімен бірдей. Өкінішке қарай, бұл дерек футболшыларға бар күшімен ойнап, өз жұмысына кәсібилік тұрғыда қарауға себеп емес».

Украиналық футболшылардың жалақысын азайтуға қарсы сол елдегі басылымдардың бірі былай деп жазғаны бар: «Егер клуб басшылығы ертеңін ойласа, «Черноморец» украиналық нарық үшін үлкен көлемдегі қаражат алатын еді. Ресейлік немесе қазақстандық клубтар әр легионері үшін жарты миллион долларды ойланбастан беретініне күмән жоқ».

Ресейлік клубтардың өз футболшыларына беретін жалақысы біздікінен бірнеше есе көп екені белгілі. Бірақ олар үздік чемпионаттардың қатарына кіреді. Сол Ресейдің өзі РФПЛ ойыншылары үшін жалақыны қысқартуға ұсыныс жасаған. Қазақстанда да осы тақырып көтерілді. «Астана» ПКСК төрағасы Дархан Калетаев қазақстандық клуб футболшыларының айлығын қысқарту керектігін мәлім етті.

«Қазір елімізде қаржылық жағдай ауыспалы болып тұр. Шынымызды айтайықшы, Премьер-лигадағы клубтарымыздың бәрі де мемлекеттік және жергілікті бюджетке қарап отыр. Осы жағдайды түсініп, футболшылардың жалақыға деген тәбетін сәл түсіруіміз керек. Қазақстандық футболда жылдық жалақы 300 мың доллардан аспауы қажет», - деді Калетаев.

Бірақ бұл ұсыныс қажетті жерге жеткен жоқ. Әзір жетпейтін де секілді. Қазақстандық футболшылардың неге шетелдік чемпионаттарға ауыспайтынын түсінген боларсыздар. Егер осылай жалғаса берсе, қаржылық қиындықтар жалғыз «Ақтөбеге» ғана емес, басқа да жетекші клубтарға тұсау қоюы ғажап емес.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или