Бивол мен Бетербиев қайта рингке шығады

Жартылай ауыр салмақта жұдырықтасатын ресейлік боксшы Дмитрий Биволдың бапкері Геннадий Машьянов шәкірті мен Артур Бетербиев арасындағы үшінші жекпе-жектің шамамен қашан өтетінін айтты. Бұл туралы Prosports.kz MMA.Metaratings.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Машьяновтың сөзінше, трилогияның соңғы бөлімі биылғы қараша немесе желтоқсан айында өтуі мүмкін. Дегенмен нақты күн мен келісімшарттар бекітілмегендіктен, әзірге дайындық жайлы айтуға ерте.
Айта кетейік, қос боксшының соңғы айқасы 2025 жылдың ақпанында Эр-Риядта өткен еді. Бұл жолы Бивол төрешілер шешімімен жеңіске жетіп, жартылай ауыр салмақтағы абсолют чемпион атанды.
Ал алғашқы жекпе-жекте, яғни 2024 жылдың қазанында Бетербиев басым түскен болатын. Қазір Артурдың еншісінде – 21 жеңіс (оның 20-сын нокаутпен аяқтаған) және 1 жеңіліс. Биволдың да көрсеткіші – 24 жеңіс (12 нокаут) және 1 жеңіліс.