Дмитрий Бивол енді абсолютті чемпион емес

Дмитрий Бивол жартылай ауыр салмақтағы WBC чемпиондық белбеуінен бас тартты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұған себеп ұйым Артур Бетербиевпен өткен жекпе-жектен кейін оны уақытша чемпион Давид Бенавидеспен жұдырықтасуға міндеттеді. Бірақ Бивол Бетербиевпен үшінші рет жұдырықтасуды жоспарлап отыр. Сондықтан бұл чемпиондық атақтан бас тартты.
Үш чемпиондық белбеу сарапқа салынатын трилогияның соңғы бөлімі биыл қазан айында өтеді деп күтілуде. Бұл туралы инсайдер Дэн Рафаэль мәлімдеді.
Сонымен қазіргі бокста бір ғана абсолютті чемпион қалды. Ол — екінші жеңілірек салмақтағы жапон боксшысы Наоя Иноуэ.
Айта кетейік, WBC орта салмақта Карлос Адаместі (24-1-1, 18 КО) отандасымыз Мейірім Нұрсұлтановпен (20-0, 11 КО) жұдырықтасуға міндеттеп отыр. Тараптар 6 мамырға дейін келісуі керек.