Александр Шевченко Испаниядағы турнирді сәтті бастады

Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Мадридтегі (Испания) «Челленджер» турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бірінші айналымда Шевченко америкалық Тристан Бойермен кездесіп, оны екі сетте – 7:5, 6:3 есебімен жеңді.
Кездесу 1 сағат 43 минутқа созылды.
Мадридтегі турнирдің жүлде қоры 145 250 еуро. Жеңімпаз 20 630 еуро жинап, 100 рейтингтік ұпайға ие болады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или