Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы әлемдік рейтингте бір саты көтерілді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы әлемдік рейтингте бір саты көтерілді


Орта салмақта WBO және IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы, қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12КО) кезекті жеңісінен кейін әлемдік рейтингте жоғарылады.

BoxRec нұсқасына сәйкес, Жәнібек Әлімханұлы 857 ұпаймен рейтингте орта салмақта екінші орынға көтерілді. Бұл салмақта кубалық америкалық боксшы Эрисланди Лара (31-3-3, 19КО) көш бастаса, англиялық боксшы кіші Крис Юбанк (34-3, 25КО) үздік үштік қатарында.

Жәнібектің соңғы қарсыласы Анауэль Нгамиссинге (14-1, 9 КО) рейтингіде үш сатыға төмендеп, қазіргі уақытта 12-орыннан табылды.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы BoxRec порталының барлық салмақ категориясы бойынша әлем рейтингісінде 18-орынға жайғасты. Көш басында жапондық Наоя Иноуэ, америкалық Теренс Кроуфорд және ресейлік Дмитрий Бивол тұр.

Еске сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы 5 сәуірде Астанада Battle of the Brave бокс кешінің басты жекпе-жегінде қарсыласы Анауэль Нгамиссингені бесінші раундта нокаутпен жеңіп, чемпиондық белдіктерін сәтті қорғады.

Дереккөз: kaz.nur.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или