Теннистен ӘЧ: Қазақстан әйелдер құрамасы Брисбенде жаттығып жатыр

Теннистен ӘЧ: Қазақстан әйелдер құрамасы Брисбенде жаттығып жатыр


Аустралияның Брисбен қаласында теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы Билли Джин Кинг кубогының іріктеу турниріне қызу жаттығуға кірісті.

Қазақстандықтар D тобында 10 сәуір күні Аустралиямен, 11-інде Колумбиямен ойнайды. 

Үміткер үшеу болғанымен, әр топтан жеңімпаз ғана командалық әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алады.

Қазақстан намысын айтулы додада Елена Рыбакина, Юлия Путинцева, Зарина Дияс, Анна Данилина және Жібек Құламбаева қорғайды. Команда капитаны — Юрий Щукин.

— Біз жоғары мақсат қойып отырмыз, барымызды салып, жаттығудамыз. Аустралия, Колумбиямен матчтар оңайлыққа түспейді. Дегенмен біздің құрам мықты, команданың ішкі ахуалы да жақсы, — деді Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 18-ракеткасы Анна Данилина.

Жібек Құламбаева Жеңіске мүмкіндік көп екенін айтты.

— Құрамада болу — қашанда мақтаныш. Үздік өнерімізді көрсетіп, командаға жақсы нәтижеге жетуге көмектескіміз келеді. Осы кезеңнен табысты өту үшін бізде барлық мүмкіндік бар, — деп қосты Жібек Құламбаева.

Қос кездесу де Патрик Рафтер атындағы аренада өтеді.

Дереккөз: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или