Қазақстандық екі теннисші ATP рейтингінде жоғары көтерілді

Қазақстандық теннисшілердің әлемдік рейтингтегі орындары белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық екі теннисші рейтингте жоғары көтерілді. Александр Бублик ATP рейтингінде 77-орыннан 76-орынға көтерілді. Ең жақсы прогрессті Мексикадағы екі Челленджердің финалында өнер көрсеткен Дмитрий Попко көрсетті. Нәтижесінде 28 жастағы қазақстандық теннисші 175-орыннан 159-орынға дейін көтерілді.
Бірақ Қазақстанның екінші ракеткасы Александр Шевченко үздіктер рейтингінде 105-ші орыннан 106-шы орынға төмендеді. Сондай-ақ Михаил Кукушкин (162-орын) екі, Тимофей Скатов (179) бес, Бейбіт Жұқаев (205) 13, Денис Евсеев (253) 8 сатыға төмендеді.
Рейтингте ең жақсы прогрессті Мексикадағы екі Челленджердің финалында өнер көрсеткен Дмитрий Попко көрсетті. Нәтижесінде 28 жастағы қазақстандық теннисші 175-орыннан 159-орынға дейін көтерілді.
ATP рейтингіндегі үздік үштікте италиялық Янник Синнер, германиялық Александр Зверев және испандық Карлос Алькарас қалды.