Қазақстандық жас теннисшілер ITF J60 турнирінде топ жарды

Өзбекстанның Ферғана қаласында 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында ITF J60 турнирі мәресіне жетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасап
Аталған жарыста Арсений Требухин жекелей сында чемпион атанды. Қазақстандық спортшы финалда ресейлік Рафаэль Асадуллинді 7:5, 6:3 есебімен жеңді.
Жұптық сында Артем Сидоров ресейлік Милан Таупенетцпен бірге ресейліктер Павел Скворцов – Даниил Ткаченкодан айласын асырды – 6:7, 7:5, 10:7.
Қыздар арасында қазақстандықтар Аружан Нұранбай – Сәтима Төреген финалда ресейліктер Мария Маслиакова – София Ведерниковадан басым түсті – 6:3, 7:5.
Тиранада (Албания) 12 жасқа дейінгілер арасында екінші санаттағы Tennis Europe жарысы аяқталды. Қазақстандықтар Әмір Айтбаев – Сұлтан Бақыткерейұлы финалда Хеди Ксури (Тунис) – Матия Родижовичті (Сербия) қапы қалдырды– 6:4, 7:5. Әмір жекелей сында финалға дейін жетті.