Елена Рыбакина әлемдік рейтингте қай орында?

Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) жеке және жұптық сында рейтингінің жаңартылған нұсқасы ұсынылды, деп жазады Prosports.kz.
Беларусь елінің өкілі Арина Соболенко бірінші орынды сақтап қалды, польшалық Швёнтек екінші, америкалық Джессика Пегула өз отандасы Кори Гауффты төртінші орынға ығыстырып, бір саты жоғары көтерілді.
Қазақстан өкілі Елена Рыбакина оныншы орында қалды.
Тағы бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцева позициясын өзгерткен жоқ – 23-ші.
Жұптық рейтингте чехиялық Катерина Синякова, америкалық Тейлор Таунсенд және жаңа зеландиялық Эрин Рутлиф көш бастап тұр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или