Қазақстандық теннисші Испаниядағы турнирде жеңіліп қалды

Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Мадридтегі (Испания) «Челленджер» турнирінде алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Евсеев іріктеудің жартылай финалында италиялық Франко Агаменонемен кездесіп, одан екі сетте 1:6, 6:7 есебімен жеңіліп қалды.
Кездесу 1 сағат 19 минутқа созылды.
Мадридтегі турнирдің жүлде қоры 145 250 еуро. Жеңімпаз 20 630 еуро жинап, 100 рейтингтік ұпайға ие болады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или