Юрий Уткульбаев Галиакберовті «Ақтөбеге» шақырды

«Ақтөбенің» тізгінін ұстаған ресейлік маман Юрий Уткульбаев «Жетысу» клубының шабуылшысы Руслан Галиакберовті өз командасына шақырды.

26-жастағы футболшыға «Ақтөбенің» алғашқы оқу-жаттығу жиынына баруға ұсыныс жасаған екен ресейлік маман. Айта кетейік, Юрий Уткульбаев пен Руслан Галиакберов қазандық «Рубин» клубының жастар командасында бірге істеген.

Юрий Уткульбаев «Торпедо», «Нефтехимик»,«Ертіс»,«Рубин» (Казань) командаларында қақпашы болған. Сонымен қатар Қазандағы «Приволжанин» клубында шағын футбол да ойнаған. Уткульбаев жетекшілік еткен «Рубин» жастар командасы қазір топ жарып келеді. Өткен жылы Юрий Уткульбаевтың командасы жас командалар арасында өткен Ресей Премьер-лигасында 3-орынды иеленді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или