Азамат Дәулетбеков Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды

Амманда (Иордания) күрес түрлерінен Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
92 келі салмақта қола медаль үшін белдесуде қазақстандық еркін күрестен Азияның үш дүркін чемпионы, әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері Азамат Дәулетбеков өзбекстандық Шерзод Пойоновты 2:1 есебімен жеңіп, Азия чемпионатындағы алтыншы медалін жеңіп алды (алғаш рет осы салмақта қалғандары – 86 келі салмақта).
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или