Футбол. Әлем чемпионаты: Қазақстан мен Лихтенштейн кездесуінде кімдер төрешілік етеді

Футбол. Әлем чемпионаты: Қазақстан мен Лихтенштейн кездесуінде кімдер төрешілік етеді

2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты іріктеу сатысындағы Қазақстан мен Лихтенштейн кездесуінде қызмет атқаратын төрешілер белгілі болды.

Кездесу наурыздың 25-нен 26-на қараған түні Лихтенштейн астанасы Вадуц қаласында болады. 

Бұл ойында Джон Битон бастаған шотландиялық төрешілер қызмет атқарады. Оған отандастары Дэниел Макфарлейн мен Дэвид Макгичи көмек береді. Қосалқы төреші де сол елдің өкілі — Дэвид Дикинсон.

Ел құрамасы 2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде J тобында ойын көрсетеді.

Қарсыластары — Бельгия, Уэльс, Солтүстік Македония және Лихтенштейн.

Матчтар 2025 жылдың наурызында басталып, қараша айында аяқталады.

Дереккөз: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или