Йозеф Блаттер және Мишель Платини 8 жылға футболдан шеттетілді

ФИФА мен УЕФА президенттері Йозеф Блаттер және Мишель Платини 8 жылға футболдан шеттетілді. Мұндай шешімді Халықаралық футбол федерациясының Этика комитеті шығарды.

Қазан айының басында ФИФА-ның этика комитеті Йозеп Блаттер мен Мишель Платиниді футболға қатысты барлық шарадан 90 күнге шеттеткен еді. Бүгін Халықаралық футбол федерациясының Этика комитеті оларды 8 жылға футболдан шеттетіп отыр.

Сонымен қатар, Блаттерге 50 мың, Платиниге 80 мың Швейцария франк айыппұл салынды.

Айта кетейік, швейцариялық Йозеф Блаттер мен франциялық Мишель Платини 2011 жылы 2 млн Швейцария франк жымқырды деп айыпталып отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или