UFC чемпионы Джон Джонсты жекпе-жекке шақырды

Ресейлік файтер, жартылай ауыр салмақтағы UFC чемпионы Магомед Анкалаев аты аңызға айналған америкалық спортшы, ауыр салмақтағы UFC чемпионы Джон Джонсты жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұған дейін Джонс ұлыбританиялық топ-файтер Том Аспиналлға қарсы жекпе-жекте титулды қорғағысы келмейтінін мәлімдеген еді.
«Джонни-қорқақ үлкен Томмен жекпе-жекке шығудан бас тартып отыр. Жартылай ауыр салмаққа оралып, үлкен Анкпен төбелес. Қашқаныңды доғар!» – деп жазды Анкалаев әлеуметтік желілерде.
Магомед Анкалаев ММА-де 23 жекпе-жек өткізіп, 21 жеңіске жетті. Ал Джон Джонс 29 кездесуде 28 жеңіске жеткен.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или