Станимир Стойловты отандастары сынға ала бастады

Станимир Стойловты отандастары сынға ала бастады

«Астана» клубының бас бапкері Станимир Стойлов туып өскен Хасково қаласында өткен қайырымдылық матчына бармағаны үшін оны отандастары сынға алды.

Матчқа софиялық ЦСКА мен Ботев клубтарының ардагерлері қатысқан. Ойынды өткізудегі мақсат – Болгария құрамасының ардагері 65 жастағы экс-форвард Йордан Кичековты емдеуге қаржы жинау болған.

Ұйымдастырушылар Хасково тумасы Станимир Стойловқа арнайы шақыру жібергенімен, астаналық клубтың бас бапкері матчқа бармаған. Бұған наразы болған болгариялықтар «Стойлов қазір демалыста жүрсе де шақыруымызды қабылдамады» деп, бапкерді қатты сынға алған.

Әзірге демалысты жүрген бапкер бұл жағдайға байланысты ешқандай түсініктеме берген жоқ. Мұның алдында ол Софияда болып, болгариялық мамандарға дәріс оқыған болатын.

BNews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или