Семсерлесуден Будапештте өтетін Әлем кубогының кезеңіне алты қазақстандық спортшы қатысады

Семсерлесуден Будапештте өтетін Әлем кубогының кезеңіне алты қазақстандық спортшы қатысады


Будапештте (Мажарстан) саблямен семсерлесуден ерлер арасындағы Әлем кубогының кезеңі өтеді. Бұл жарысқа Қазақстан құрамасы қатысады.

Еліміздің намысын бұл ірі халықаралық турнирде алты спортшы қорғайды.

Рейтингтік ұпайлар мен жүлделер үшін Назарбай Саттархан, Артем Саркисян, Бақдәулет Құралбекұлы, Артур Чупраков, Қуаныш Ерғазбай және Жанат Нәбиев сайысқа түседі.

Әлем кубогының кезеңі 28-29 наурыз күндері өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или