Қазақстандық боксшы Еуропа чемпионын жеңіп, әлем чемпионатының финалына шықты

Қазақстандық боксшы Виктория Графеева Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан бокстан әйелдер арасындағы 2025 жылғы әлем чемпионатында жартылай финалдық жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Азия чемпионы Графеева жартылай финалда 2024 жылғы Еуропа чемпионы, сербиялық спортшы Наталья Шадринамен кездесті.
Жекпе-жекте қазақстандық боксшы 4:1 есебімен сенімді жеңіске жетті.
Осылайша Графеева әлем чемпионатының кем дегенде күміс жүлдегері атанады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или