Жәнібек Әлімханұлының салмағындағы Хамза Шираз салмақ ауыстыруы мүмкін

Жәнібек Әлімханұлының салмағындағы Хамза Шираз салмақ ауыстыруы мүмкін

X әлеуметтік желісіндегі The Corner подкастының аккаунты британдық жеңілмеген боксшы Хамза Шираздың (21-0-1, 17 КО) орта салмақтан екінші орта салмаққа ауысуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұған дейін Хамзаның промоутері Фрэнк Уоррен The Ring басылымына берген сұхбатында боксшының салмақ ауыстыратынын айтқан. Боксшы көптен бері арықтауда қиналып жүрген. 22 ақпанда Эр-Риядта Шираз орта салмақтағы WBC чемпионы Карлос Адамеспен (24-1-1, 18 КО) жұдырықтасты. Бұл жекпе-жек алдында британдық жеңетін болса, WBO және IBF белбеулерінің иегері Жәнібек Әлімханұлымен (16-0, 11 КО) біріккен жекпе-жек өткізетінін мәлімдеген. Шираз көптен бері салмақ тастауда қиналып жүрген.

22 ақпанда Эр-Риядта ол орта салмақтағы WBC чемпионы Карлос Адамеспен (24-1-1, 18КО) жұдырықтасты. Бұл жекпе-жек алдында британдық жеңетін болса, WBO және IBF белбеулерінің иегері Жәнібек Әлімханұлымен (16-0, 11 КО) біріккен жекпе-жекөткізетінін мәлімдеген. Бірақ кездесу тең аяқталды.

«Бұл әрине таңқаларлық емес. Өйткені оның Адамеспен жекпе-жекте салмақ қалай тастағаны жұмбақ болды. ЕндіШиразбың бұл шешімі бізді орта салмақтағы Жәнібекпен, Юбанкпен және Адамеспен реванш сияқты үлкен жекпе-жектерден айырады. «Ол сонымен қатар титулды алу әлдеқайда қиын болатын дивизионға ауысады», - деп жазды The Corner британдық боксшының шешімі туралы.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі 5 сәуір күні Астанада өтеді. Ол француз Анауэль Нгамиссенгемен жұдырықтасып, өз титулдарын қорғайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или