IBF қазақстандық боксшыны рейтингтен шығарып тастады

IBF қазақстандық боксшыны рейтингтен шығарып тастады

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) барлық салмақ санатындағы боксшылар рейтингінің жаңартылған нұсқасын ұсынды, деп жазады Prosports.kz.

Назарларыңызға Қазақстан боксшыларының ұстанымдарын ұсынамыз:

Екінші орта санатта 15-орында тұрған Әли Ахмедов рейтингтен шықты. Еске салайық, Ахмедов өткен айда Астанада WBC Silver титулы үшін жекпе-жекте поляк Мацей Сулецкиден күтпеген жерден нокаутпен ұтылған болатын.

IBF чемпиондық белбеуі Жәнібек Әлімханұлына тиесілі орта дивизионда рейтингтің бірінші орнф бос, екінші орында италиялық Этиноза Олиха, ал үздік үштікті британдық кіші Крис Юбанк тұйықтады.

Сұлтан Зәуірбек аса жеңіл салмақтағы рейтингте әлі бесінші орында тұр. Бұл санаттағы чемпиондық атақ бос. Рейтингті мексикалық Эдуардо Нуньес бастап тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или