Месси мен Суарестің арқасында «Интер Майами» сенімді жеңіске жетті

Қазақстан уақыты бойынша 14 наурыз күні таңертең Ямайка астанасы Кингстон қаласындағы «Парк Индепенденс» стадионының алаңында КОНКАКАФ Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы жергілікті «Кавалер» мен АҚШ-тың «Интер Майами» арасындағы қарымта кездесуі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қонақтар 2:0 есебімен жеңіске жетіп, келесі кезеңге өтті (алғашқы ойын да америкалық клубтың пайдасына 2:0).
37-минутта «Интер Майамидің» уругвайлық шабуылшысы Луис Суарес есеп ашты. 53-минутта қосалқы құрамнан алаңға шыққан Лионель Месси 90+2-минутта қорытынды есеп тіркеді.
КОНКАКАФ Чемпиондар лигасының ширек финалында «Интер Майами» америкалық MLS-тің тағы бір өкілі «Лос-Анджелес ФК» командасымен кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или