Қазақстан U-21 құрамасы Алматыда оқу-жаттығу жиынын өткізеді

Қазақстан жастар құрамасы 16-26 наурыз күндері Алматы қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізеді.
ОЖЖ барысында екі бақылау матчы жоспарланған. Аға бапкер Денис Мамонов жастар құрамасы сапына 24 ойыншыны шақырды.
Айта кетейік, Қазақстан U-21 құрамасы биыл 2027 жылғы жастар арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңін бастайды. Жастарымыз D тобында Англия, Ирландия, Словакия, Молдова және Андорра құрамаларына қарсы ойнайды.
Қазақстан U-21 жастар құрамасының ОЖЖ-ға шақырылған ойыншылар тізімі:
Қақпашылар: Санжар Ерниязов («Атырау»), Дулат Талыспаев («Кеге», Дания), Мирас Рихард («Ертіс»)
Қорғаушылар: Сұлтан Аскаров («Жетісу»), Санжар Ануаров («Астана»), Юсуф Саидалиев («Атырау»), Әли Тұрғанов («Оңтүстік»), Саламат Жұмабеков («Оқжетпес»), Жандос Өмірзақов («Тараз»), Темірлан Мұрзагалиев («Қайсар»), Рамазан Каримов («Жетісу»)
Жартылай қорғаушылар: Абинұр Нұрымбет («Тұран»), Ілияс Әбіл («Жил Висенте», Португалия), Дархан Бердібек («Ақтөбе»), Бейбіт Ғалым («Тобыл»), Нұралы Жақсылық («Астана»), Мұхаммед Еңсебаев («Сеута Б», Испания), Мирас Оматай («Жетісу»), Давид Есімбеков («Жетісу»)
Шабуылшылар: Артем Литош («Хан-Тәңірі»), Глеб Валгушев («Қызылжар»), Ян Труфанов («Атырау»), Мағжан Тоқтыбай («Оңтүстік»), Ерасыл Сәрсенбай («Тұран»)
Резерв: Айдос Кемаладин («Ордабасы»), Владислав Ложкарев («Шахтер»), Эльхан Саидов («Шахтер»), Аслан Ахмедов («Қайрат»), Әлихан Исраилов («Қайрат»), Никита Губарев («Қайсар»), Максим Холод («Шахтер»), Сэйф Попов («Алтай»), Темірлан Ағиманов («Ертіс»»)
Бапкерлік штаб: Денис Мамонов – аға бапкер, Дмитрий Карпов – аға бапкердің көмекшісі, Жарқынбек Жоламанов – дене даярлығы жаттықтырушысы, Нұрғазы Хайруллин – қақпашылар жаттықтырушысы, Бауыржан Абаев – дәрігер, Қайратәлі Күнходжаев – массажист, Ердос Қалимов – массажист, Рахат Әкімқұл – менеджер.