Станимир Стойлов: «Ақшаға бола, команданы ауыстырғым келмейді»

Станимир Стойлов: «Ақшаға бола, команданы ауыстырғым келмейді»

Елордалық «Астананың» бас бапкері Станимир Стойлов «Спорт День за Днем» сайтына берген сұхбатында елордалық клуб үшін өте табысты өткен маусым туралы толығырақ айтып берді.

— Өткен маусымға көңіліңіз тола ма?<o:p></o:p>

— Біздің команданың құрылғанына алты жыл ғана болды, сондықтан биылғы жылға дейін жеткен жетістіктерімізге көңіліміз толады. Еуропа лигасының електік кезеңін есептемегенде «Астананың» еурокубокта ешқандай тәжірибесі болмаған. Бірақ бұл бізге Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алуға кедергі болмады. <o:p></o:p>

— Иә, клуб тарихында тұңғыш рет. Сонымен қатар, сіздің басшылығыңызбен «Астана» Қазақстан чемпионы атанып, ел Суперкубогын еншіледі және Кубоктың финалисі атанды. <o:p></o:p>

— Қазақстанға келгеніме бір жарым жыл болды, осы уақыт ішінде екі рет чемпион атандық. Мұндай нәтижеге қалай жеттік? Жауабым қарапайым. Көп жұмыс жасап, тәртіпті ретке келтірдік, тактикалық тұрғыда сауатты ойнап үйрендік. Оның үстіне бізде «Зенит» секілді үлкен клубтардағыдай мүмкіндіктер болмады. <o:p></o:p>

– Жоғарыда аталған жетістіктердің қайсысына қол жеткізу қиын болды?<o:p></o:p>

– Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне өту. Біз екінші електік кезеңнен бастадық қой, үш қарсыластан өтуге мәжбүр болдық – «Марибор», ХИК, АПОЭЛ...<o:p></o:p>

– Кипрліктер кезінде «Зенитті» де жолдан тайдырған болатын.<o:p></o:p>

– Плэй-офф кезеңінде АПОЭЛ-ге қарсы ойында қатты қиналдық. Бұл команда Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде ойнауға лайық болды. <o:p></o:p>

– Шебер ойыншылары болмаса да, «Астана» нағыз бапкерлік команда екенін сізге көп айтқан болар. <o:p></o:p>

– Мұндай сөздер, әрине, көңілді қуантады. Алайда мен нәтиженің бәріне байланысты екенін түсінемін – клуб президенті, медициналық штабтан бастап бапкерлер мен футболшыларға дейін. <o:p></o:p>

– Шыныңызды айтыңызшы, Чемпиондар лигасындағы табысты ойындардан кейін басқа командалардан ұсыныс болған шығар?<o:p></o:p>

– Нәтиже бар болса, ұсыныс қашан да болады. Бірақ мен «Астанада» қалуды жөн деп шештім. Ақшаға бола, команданы ауыстырғым келмейді. Егер кететін болсаң, үлкен клубқа ауысқаның жөн, Ресейге, мысалы. Алайда қазір тек «Астана» туралы, келесі маусым туралы ғана ойлап жүрмін. Құрамды күшейту үшін демеушіміз қаражат береді деп үміттенемін. Бірақ олай болмай жатса, қазіргі футболшыларыммен жұмыс жасай беремін. Қазірдің өзінде командамыз жаман емес.<o:p></o:p>

– Өз алаңында «Бенфика» (2:2), «Атлетико» (0:0) және «Галатасарайдан» (2:2) ұтылмау – бұл таңғаларлық нәтиже. Ненің арқасында бұл көрсеткішке қол жеткіздіңіздер?<o:p></o:p>

– Ұйымдастырылған ойын мен тактикалық дайындықтың арқасында. Менің шәкірттерім олардан не қалайтынымды түсінді. Егер бір рет қана тең түссек, жәй ғана жолымыз болды дегенге келісер едім. Бірақ команда өз алаңында бір рет те ұтылған жоқ және қонақта да тең нәтижеге қол жеткізді – бұл кездейсоқтық емес. <o:p></o:p>

– Өз шәкірттеріңізбен сөйлесіп, оларды жаңа деңгейдегі матчтарға дайындадыңыз ба?<o:p></o:p>

– Мен жігіттеріме сенімдімін. Өзім де бірнеше жыл ойнадым, Чемпиондар лигасымен деңгейлес турнирлерде жұмыс жасадым, сондықтан команда алдына жоғары мақсаттарды қойып үйреніп қалғанмын. Тек осы кезде ғана анау айтарлық жетістікке қол жеткізуге болады. <o:p></o:p>

– «Астананы» қарсыластардың менсінбей ойнауы елордалықтарға қаншалықты пайдалы болды?<o:p></o:p>

– Үшінші орын алып, Еуропа лигасына өту үшін «Галатасараймен» соңғы турға дейін күрестік, бұл жерде қандай менсінбеушілік болуы мүмкін? Егер біреу бізді әлсіз команда деп ойласа – бұл олардың мәселелері. <o:p></o:p>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или