Стас Покатиловтың командасы төрт ойын қатарынан жеңілді

Стас Покатиловтың командасы төрт ойын қатарынан жеңілді


Әзірбайжан чемпионатының 26-шы турында "Шамахы" өз аланыңда "Сабахты" 1:0 есебімен жеңді. 31-минуттағы жалғыз голды Эдгар Адильханов соқты.

Қазақстан құрамасының қақпашысы Стас Покатилов "Сабах" үшін барлық матчты өткізді, ол қатарынан төрт турда жеңіске жете алмай жатыр.

Осы жеңілістен кейін 34 ұпаймен "Сабах" бесінші орында, ал "Шамахы" (27 ұпай) жетінші орында. Сабах келесі матчты 15 наурызда Зириге қарсы өткізеді.

Естеріңізге сала кетейік, Стас Покатилов Әзірбайжан клубына 2025 жылдың басында ауысқан болатын, бұған дейін ол қазақстандық "Тобыл" сапында ойнаған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или