Уразбахтин «Ордабасыға» қарсы матч туралы: «Есепке қарамастан, ойын оңай болған жоқ»

Уразбахтин «Ордабасыға» қарсы матч туралы: «Есепке қарамастан, ойын оңай болған жоқ»

«Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Қазақстан Премьер-лигасының 2-турында «Ордабасыны» 4:0 есебімен жеңген ойынға пікір білдірді, деп хабарлайды KazFootball.kz.

— Есеп ірі болғанымен, ойын оңай өтті деп айта алмаймыз. «Ордабасы» – өте мықты әрі қауіпті қарсылас. Бізге бірінші минуттарда гол соққанымыз жеңілдік берді. Қарымта шабуылдарды жақсы пайдаланып, бірінші таймды «нөлмен» аяқтау маңызды болды.

Үзілісте тактикалық өзгерістер жасадық, себебі бәрі бірдей жоспар бойынша жүріп жатқан жоқ еді. Ойыншыларға нұсқау бердік, олар екінші таймда есепті сақтауға көңіл бөлді, шабуылға аса асыға қойған жоқ. Керісінше, «Ордабасы» көбірек алға ұмтылды. Сонымен қатар, бізге мәжбүрлі ауысым жасауға тура келді – Александр Мартынович өзін жайсыз сезінді.

Жалпы, ойынның екінші бөлігі дәл осылай өтетінін білдік. Қарсылас тәуекелге барып, шабуылдауға мәжбүр болды. Біз ойыншыларға мүмкіндік туатынын және оны пайдалануымыз керегін айттық. Соңғы гол да дәл осындай сәттің нәтижесінде соғылды, – деді Уразбахтин.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или