Хамит Алтынтоп: «Көзімді жұмып тепкен доп үздік гол атанды»

2010 жылғы ең үздік голдың авторы, Пушкаш сыйлығының иегері, Түркия құрамасының ойыншысы Хамит Алтынтоп ФИФА-ның ресми сайтына берген сұхбатында Қазақстан құрамасына соққан голы жайлы айтып берді.

– 2010 жылы сіздің Түркия құрамасының сапында айып алаңының сыртынан теуіп кіргізген голыңыз үздік атанды. Сол сәт есіңізде ме?

– Әрине. Бұл Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі болатын. Бас бапкер ол кезде Гус Хиддинк еді. Команда құрамында өзгеріс болды. Қазақстанмен өткен аса маңызды матчта 3:0 есебімен жеңіске жеттік. Өзімнің соққан голым есімде. Сол допты көзімді жұмып тұрып тепкен едім. Ал көзімді ашсам доп қақпа торында жатыр екен. Голдың қалай кіргенін өзімде түсінбей қалдым. Тек кейіннен теледидардан анықтап көрдім. Доп қақпаның жоғарғы оң жақ бұрышынан енген екен.

– Сіз сонда қарамай тепкенсіз бе?

– Солай болды (күліп). Тек сәл секіруге тура келді. Шынын айтқанда, баспен ұрған да көзіңді жұмасың ғой. Мен бұл допты тепкенде соққының қуатты болуы үшін барлық күшімді жұмсадым.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или