Мессидің ойындарға неге қатыспай жүргені белгілі болды
«Интер Майами» бас бапкері Хавьер Маскерано Лионель Мессидің екі ойынға неліктен қатыспағанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz
Бас бапкердің мәліметінше футбол аңызы ойын көптігіне байланысты шаршап қалған
«Мен дәрігерлердің нұсқауымен жүремін. Олар маған Леода ешқандай жарақат жоқ екенін айтты. Бірақ алты күнде үш матчқа қатысып, шаршап қалды.
Ауа райында да өзгеріс болды. Біз оның қамын ойлаймыз және әбден қажып кетпеу үшін демалыс бердік.
Әрине, әлемдегі ең үздік футболшысыз ойнау қиын ғой. Бірақ онсыз да ойнап үйренуіміз керек», – деді «Интер Майами» бас бапкері.
Айта кетейік, Месси MLS аясында «Хьюстон Динамоға» қарсы және CONCACAF аясында «Кавальерге» қарсы матчтарға қатыспады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или